1111
Есімдерін шатастырып алған: Португалия прокуратурасының қателігінен елдің үкімет басшысы отставкаға кетті
Прокуратура Премьер Антониу Коштаны экономика министрі Антониу Кошта Сильвамен шатастырып алған.
Португалия прокуратурасының қателігінен елдің үкімет басшысы отставкаға кетті, деп хабарлады turkystan.kz euronews.com-ке сілтеме жасап.
Өткен аптада Португалияның үкімет басшысы Антониу Кошта қызметінен кеткен болатын. Оған сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылды.
Бірақ бірнеше күн өткен соң прокурорлар қателескенін мойындап, тергеу Премьерге емес, онымен аттас министр Антониу Кошта Силваға қатысты жүріп жатқанын хабарлады.
Бұрынғы Премьер өзінің кінәсіз екенін айтқан, бірақ ол отставкаға кетуге мәжбүр болды.
Адвокаттар прокуратура телефон қоңырауын жазып алған кезде қателік жіберген деп мәлімдеді. Елдің сот органдары да, прокуратура да іс бойынша толық түсініктеме берген жоқ.