Жетісу облысында іздеуде жүрген педофил таулы жерден табылды

Ол бүгін облыстың таулы аймағында ұсталған.

Жетісу облысында іздеуде жүрген педофил таулы жерден табылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Жетісу облысында іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бүгін облыстың таулы аймағында ұсталған.

«9 қарашада Жетісу облысының таулы жерінде шекарашылар кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасады деп күдіктелген өңір тұрғынын ұстады», - деді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Бұған дейін 7 қарашада аталған азамат іздеуге жарияланған. Ұсталған адам құзыреті бойынша процессуалдық шешімін қабылдау үшін полиция органдарына берілді.