Ақтөбеде жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбеде жол апатынан көлік өртеніп, екі адам қаза тапты
Фото: instagram.com/polisia_aqtobe

Ақтөбеде жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлады Turkystan.kz.

Оқиға орнында Toyota Estima өртеніп, көлік ішіндегі жүргізуші мен жолаушы қаза тапқан.

Ақтөбе облыстық ПД мәліметінше, 8 қарашада сағат 17-30-де Ақтөбе-Богословка автожолында «Бауырластар» ТА маңында Toyota Estima автокөлігі Зил жүк автокөлігімен соқтығысқан.

«Жеңіл көлік өртеніп кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында Toyota Estima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты», - делінген хабарламада.

Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.