Жәнібек Әлімханұлына жаңа ұсыныс түсті

Буг Уильямс әлеуметтік желіде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына үндеу жасады.

Жәнібек Әлімханұлына жаңа ұсыныс түсті
Yong Teck Lim

LDUBB Boxing YouTube бокс арнасының авторы Буг Уильямс әлеуметтік желіде WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) үндеу жасады.

Sports.kz басылымның мәліметінше, Уильямс Boxingscene.com порталында Әлімханұлының WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» белбеу иегері, Доминикан Республикасының спортшысы Карлос Адаместі (23-1, 18 КО) сынға алғаны туралы баяндалған жарияланымға жауап берді.

«Ақпан айындағы жекпе-жекке дайындал» деп жазды Уильямс X әлеуметтік желіде.

Ол осы арқылы Әлімханұлына Адамеспен 2024 жылдың қысында болатын жекпе-жекті меңзеді.

Айта кетейік, Карлос Адамес әлеуметтік желіде Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке бірнеше рет шақырды, алайда қазақстандық спортшы өзі толыққанды әлем чемпионы болмағандықтан, доминикандықпен жұдырықтасуға құлшыныс танытпай отыр.