14 рет нокаутқа түсірген: Жеңіліп көрмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлына лайық қарсылас деп танылды

Твиттер желісін қолданушылардың бірі Барбосадан Әлімханұлының британиялық Хамза Ширазбен (18-0, 14 КО) жекпе-жегі туралы не ойлайтынын сұрады.

14 рет нокаутқа түсірген: Жеңіліп көрмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлына лайық қарсылас деп танылды
Фото: ашық дереккөз

ESPN сарапшысы Фернандо Барбоса орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) қарсылас бола алатын боксшылар туралы ойын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Твиттер желісін қолданушылардың бірі Барбосадан Әлімханұлының британиялық Хамза Ширазбен (18-0, 14 КО) жекпе-жегі туралы не ойлайтынын сұрады. 

«Маған Шираздың көбірек жекпе-жегін көру керек. Бірақ кейінгі айқасында есте қалатындай жұдырықтасты. Қуатты және физикалық күші орта салмақ үшін өте керемет. Әлімханұлымен жекпе-жек өткізсе, ғаламат болатын еді. Бұл уақытқа дейін Шираз көлеңкеде елеусіз жүрген» деп жазыпты Барбоса.