Ержан Еркінбаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Ержан Еркінбаев Туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев Туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2002 жылы коммерциялық компанияда заңгер болып бастаған.

Түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер, атқарушы директор, бас директор болып жұмыс істеген.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры, "Медеу" спорт кешенінің бас директоры қызметтерін атқарды. VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болды.

2016-2018 жылдары —  Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.

2019-2021 жылдары — «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болған.