Қарағандыда жер үйден өрт шығып, әйел қаза тапты

ТЖД қызметкерлері 1939 жылы туған әйелдің денесін сыртқа алып шықты.

Қарағандыда жер үйден өрт шығып, әйел қаза тапты
crimea.ria.ru

Қарағанды қаласындағы жер үйлердің бірінен өрт шығып, әйел адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт Мәметова көшесінде орналасқан үйден шыққан. Өрт туралы хабарлама ТЖД пультіне 5 қараша күні сағат 07.48-де келіп түскен.

«70 шаршы метр ауданда тұрғын үй шатырының ағаш торлары, сондай-ақ, үйге жапсарласа салынған қазандықтың ағаш конструкциялары өртенді. ТЖД қызметкерлері 1939 жылы туған әйелдің денесін сыртқа алып шықты. Жедел жәрдем бригадасының мамандары оның өлімін растады»,  - делінген хабарламада.