Ертеңнен бастап Астанада жаңа маршрут іске қосылады

Бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді.

Ертеңнен бастап Астанада жаңа маршрут іске қосылады
Фото: 2gis.kz

4 қарашадан бастап «Үркер» тұрғын үй алабынан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін қатынайтын №66 бағыттағы жаңа автобустар іске қосылады, деп хабарлайды  turkystan.kz елорда әкімдігі ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді.

«Елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады. Сондай-ақ «Үркер» ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж. Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ. Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ «Үркер» тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады», - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі №66 бағдар қолданыстағы № 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтатынын мәлім етті.