Алматыда 101 шетелдік азамат елден шығарылды

305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматыда 101 шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Алматыда 101 шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды, деп хабарлады  turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті профилактикалық іс-шаралар барысында қаладағы көші-қон қызметі мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 305 шетелдікті анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Полиция департаментінің қабылдап-тарату ғимаратына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 106 шетел азаматы орналастырылды. Сот қаулысымен 101 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Тиісті шара қолданбағаны үшін 115 қабылдаушы тарап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды: 97 жеке тұлға, 18 заңды тұлға. Төрт компанияға қатысты «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес, алдағы уақытта шетелдіктерді шақырудан бас тартылады», - деді Алматы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.