737
Қарағандыда жер үйден 2 адамның денесі табылды
Оқиға 2 қараша күні Луганская көшесінде орналасқан екі пәтерлі бір қабатты үйде болған.
Қарағанды қаласында жер үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Aikyn.kz-тің жазуынша, оқиға 2 қараша күні Луганская көшесінде орналасқан екі пәтерлі бір қабатты үйде болған.
«Жалпы ауданы 80 шаршы метр аумақта тұрғын үйдің, үй заттары мен жиһаздың ағаш конструкциялары өртенді. Оқиға болған жерден 1953 жылы туған әйел мен 1980 жылы туған ер адамның денесі табылды», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Бүгінде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.