Қырғыз Республикасында 200-ден астам мемқызметкер жұмыстан босатылды
Шекара органының 50 жұмысшысы қызметінен босатылды
ҚР ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өкілі Камчыбек Ташиев Кеминдегі ҰҚМК басқармасының жаңа ғимаратының ашылуында сөз сөйлеп, 202 шенеунік ұйымдасқан қылмыстық топ пен жемқорлыққа қатысы болғаны үшін жұмыстан шығарылғанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Арнайы қызмет басшысының сөзінше, қазіргі уақытта шекара қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Раимбек Матраимовпен байланысы бар 92 мемлекеттік қызметкер және көзі жойылған қылмыс әлемінің серкесі Камчы Көлбаевпен байланысы бар 60 қызметкер, сондай-ақ шекара органының 50 жұмысшысы қызметінен босатылды.
"Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері депутат болып, ауылдық, аудандық әкімшілік, мемлекеттік орган мен министрлікте жұмыс істей алмайды. Біздің міндет - оларды жауапқа тарту. Егер Раимбек Матраимов Қырғызстанда тұрғысы келсе, шағын “Daewoo Matiz” көлігімен жүруі керек. Оның қылмыстық жолмен тапқан байлығы мемлекет дамуына кедергі келтірмеуі тиіс және елдің ішкі жұмысына араласпауы қажет. Бұрын көптеген сайлауда, мемлекет істерінде шенеуніктер ақша үшін оларға қызмет еткенін, оның ішінде ҰҚМК өкілдері де болғанын білесіздер. Ақшаға сатылатын қызметкерлер болған. Енді елімізде Көлбаев, Матраимов және басқа да мафия болмайтынын тағы атап өткім келеді. Мемлекетімізде заң мен тұрақтылық болуы қажет. Елде адал жолмен ақша табатын қарапайым адамдар, адал кәсіпкерлер мен елге адал қызмет етіп жүргендер жақсы өмір сүруі тиіс, - деді ҚР ҰҚМК төрағасы.