Қарағандыда ер адамды автобус қағып кетті

Тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қарағандыда ер адамды автобус қағып кетті
ekaraganda.kz

Қарағандыда 45 жастағы ер адамды қоғамдық көлік қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

inbusiness.kz сайтының мәліметінше, оқиға «Шығыс» базары аумағында болған. 

«2 қараша күні сағат 10.50-де Бұқар жырау даңғылында 39 жастағы автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 45 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты кезінде автобус салонында 15 жолаушы болған. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.