Доллар бағамы қымбаттады

Астана қаласында 468 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 473 теңге

Доллар бағамы қымбаттады
janalyq.kz
751

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлады turkystan.kz. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 0,45 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа бағамы 470,09 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 қарашаға белгілеген ресми бағамы: 1 долларға – 469,67 теңге, Ресей рубліне – 5,11теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 470,01 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 472,9 теңге.

Ал Астана қаласында 468 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 473 теңге.

Ресей рублі 4,95 – 5, 03 теңге аралығында құбылып тұр.

Серіктес жаңалықтары