Қостанай облысында ер адам зейнеткердің депозитінен қомақты ақша ұрлаған

Полицейлердің мәліметінше, күдікті бұрын алаяқтық әрекеті үшін жазаланған.

Қостанай облысында ер адам зейнеткердің депозитінен қомақты ақша ұрлаған
Фото: видеодан кадр
758

Қостанай облысында зейнеткердің ақшасын ұрлаған адам ұсталды, деп хабарлады  turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға 66 жастағы зейнеткер хабарласып, депозитінен ірі сома - 2 миллион 800 мың теңге ұрланғанын айтқан.

Зейнеткер пәтеріндегі су тазарту сүзгілерін ауыстыруды ұйғарған. Осы жұмыстармен айналысатын екі жігіт оның үйіне бірнеше рет келіп, әйелдің жалғыз тұратынын көрген. Төлем жасау үшін шебер зейнеткердің телефонына банк қосымшасын орнатуды ұсынды. Зейнеткер сеніп, жеке куәлігін тапсырған. Ол құжатпен жас жігіт тексеруден өтіп, ақшаны депозиттен таныстарының шоттарына аударған. Зейнеткер ХҚКО-ға жүгінген кезде ғана ақшаның жоғалғанын білген.

Бұл іспен Cyber pol арнайы полиция бөлімшесі айналысқан. 28 жастағы Федоров ауданының тұрғыны ұсталды. Осы уақытқа дейін ол ұрланған ақшаға қымбат заттар мен телефон сатып алып, жұмсап үлгерген.

Полицейлердің мәліметінше, күдікті бұрын алаяқтық әрекеті үшін жазаланған. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-тармағының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

Серіктес жаңалықтары