6889
Нәжісін жегізген: Астанада қарттарды мазақ еткен медициналық университеттің студенті сотталды
Ол өзінің барлық әрекетін камераға түсіріп, достарына жіберіп отырған.
Астанада медициналық университеттің студенті 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
22 жастағы жігіт қарттар хосписінде жұмыс істеген. Ол қарттарды ұрып-соғып, нәжісін жеуге мәжбүрлеген. Кейін ол оңалту орталығына орналасып, балалармен жұмыс істеген. Мұнда да сол қорқынышты іс-әрекетін қайталаған. Ол өзінің барлық әрекетін камераға түсіріп, достарына жіберіп отырған.
"Мен бұл ісім үшін өкінемін, өзімді ақтамаймын. Бұл жастықпен, ақымақтықпен жасалған іс болды деп айтқым келеді. Мен оларға жәбір келтіруді ешқашан мақсат еткен емеспін, тек қорқытқым келді", — деді ол.