Рахмоновтың чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Бұл туралы ол «Вестник ММА» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Рахмоновтың чемпиондық титул үшін қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды
Ашық дереккөз

Аралас жекпе-жектен Dar Team қомандасының бас бапкері, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен жұмыс істейтін Азиз Разыев спортшының алдағы жоспарын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz Каzinform-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы ол «Вестник ММА» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Шавкат жақында Стивена Томпсонмен көпшілік күткен, қызықты әрі тартысты жекпе-жектерінің бірін өткізеді. Иә, рейтингіге өзгеріс енді. Рахмонов бесінші орында тұр. Біз UFC-де кейде оныншы нөмірлі спортшының чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізетінін көріп жүрміз және оған еш таңғалмаймыз.  Шавкаттың биыл чемпиондық айқас өткізуі екіталай, бірақ келесі жылы, Алла қаласа, бәрі жақсы болса, оны айтулы жекпе-жектер күтіп тұр», - деді ол.