Шымкент әкімі газдан уланып қайтыс болған бес адамның туыстарына көңіл айтты

Әкім қала тұрғындарынан пәтерлерде, жеке үйлерде газды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды сұрады

Шымкент әкімі газдан уланып қайтыс болған бес адамның туыстарына көңіл айтты
Фото: instagram.com/gabit_syzdykbekov
915

Шымкент әкімі газдан уланып қайтыс болған бес адамның туыстарымен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Бүгін Ынтымақ шағын ауданындағы жеке үйде газбен улану салдарынан 5 адам қаза тапты. Барлық жедел қызмет көрсету мекемелері оқиға орнына шұғыл түрде барды. Қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, жақындарынан айрылған жандарға көңіл айттым.
Өз тарапымыздан барлық қажетті қолдау көрсетеміз. Төтенше жағдайлар департаментіне, газ беру қызметтеріне, аудан әкімдіктеріне көпқабатты және жеке секторлардағы газ жабдықтарын бақылау мақсатында кешенді тексеру жүргізуді тапсырдым. Одан бөлек, пешпен жылыту қолданылатын үйлер де тексеріледі», - деп жазды әкім.


Сонымен қатар қала тұрғындарынан пәтерлерде, жеке үйлерде газды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары