Динара Сәтжан мемлекеттік наградамен марапатталды

Белгілі тележүргізушіге «Ерен еңбегі үшін» наградасы берілді.

Динара Сәтжан мемлекеттік наградамен марапатталды
ашық дереккөз

Белгілі тележүргізуші, фэшн-дизайнер Динара Сәтжан «Ерен еңбегі үшін» наградамен марапатталды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Сүйікті ісіңмен айналыссаң, сен үшін басты марапат – көрерменіңнің кері байланысы. Мен көрерменімнің кері байланысына толықтай ие болдым. Адамдарды күштеп киім алғыза алмайсың және қинап өз жұмысыңды көрсете алмайсың. Маған өз ұжымыммен жасаған жұмыс ұнайды және әр қызметкеріме алғысым шексіз.

«Ерен еңбегі үшін» наградасы мен үшін алғашқы мемлекеттік марапат болды. Бұл награда еңбек озаты үшін беріледі. Енді бұдан да көп жұмыс істейтін боламыз», - деп жазды Динара Сәтжан.