«Тұншықтырып өлтірді»: Екібастұз ауруханасында 1 жасар бала көз жұмды

Сәбидің ата-анасының айтуынша, бұған ақ халаттылардың салғырттығы себеп.

«Тұншықтырып өлтірді»: Екібастұз ауруханасында 1 жасар бала көз жұмды
Фото: astana.tv
986

Екібастұзда 1 жарым жастағы бала дәріге тұншығып, көз жұмды. Оқиға қаладағы орталық ауруханада болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Сәбидің ата-анасының айтуынша, бұған ақ халаттылардың салғырттығы себеп. Астана телеарнасының хабарлауынша, ұйықтап жатқан балаға медбике қатарынан 3 бірдей ине салған. Артынша дәріні күштеп ішкізу үшін мұрнын қысқан. Осы кезде сәби дәріге тұншығып, көз жұмған.

«Мен дәрігерге кетісімен, медбике балама ешбір нұрсқаулықсыз асқазанына су жіберіп, қақырығын тазалаймын деп зонт қойған. Енді біздің күдігіміз сол зонт асқазанға тікелей бармай, өкпе қуыстарды жауып, баланы тұншықтырып өлтірді деген тұжырымға келіп тұрмыз», - дейді баланың анасы Дана Құрманғалиева. 

Бұл жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру бастады.

«Баланың өкпесі қабынған. Жүрегінде де ақау болды. Бұған дейін бернеше рет дәрігерлер көмегіне жүгінген болатын. Қазір баланың өліміне байланысты қызметтік тексеру басталды. Оның құрамына өңірдегі балалардың бас дәрігері бастаған бір топ медицина қызметкерлері кіреді. Осы оқиғадан кейін ауруханада жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Жармакина.

 

Серіктес жаңалықтары