Шавкат Рахмонов әлемдегі үздік файтерлердің тізіміне енді

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы – америкалық Стивен Томпсон (17-6-1).

Шавкат Рахмонов әлемдегі үздік файтерлердің тізіміне енді
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) UFC рейтингінде жоғарылады, деп хабарлады turkystan.kz промоушеннің ресми сайтына сілтеме жасап.

Абу-Дабидегі (БАӘ) UFC 294 турнирінен кейін UFC рейтингісінде бірқатар өзгеріс болған. Жаңартылған рейтингі бойынша жартылай орта салмақтағы отандасымыз Шавкат Рахмонов 5-орынға көтерілді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшының келесі қарсыласы – америкалық Стивен Томпсон (17-6-1). Жекпе-жек 17 желтоқсан күні UFC 296 турнирі аясында өтеді.