«Ордабасы» тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды

«Ордабасы» «Шахтерді» жеңіп, чемпион атанды.

«Ордабасы» тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды
Әлеуметтік желіден

«Ордабасы» (Шымкент) «Шахтерді» (Қарағанды) жеңіп, өз тарихында алғаш рет чемпион атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл ойында шымкенттік клуб кем дегенде тең түссе, бір тур бұрын чемпион атанатын еді.

Алғашқы минуттан шымкенттік клуб ойынды белсенді бастады. Нәтижесінде Айбар Жақсылықов – 4, Шахбоз Умаро – 12, Артем Беседин 27-минутта үш гол соғып үлгерді.

Оған «Шахтёр» сапынан Темур Чогадзе 47-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында тұңғыш мәрте чемпион болды.