849
Өскеменде тоғыз қабатты үй өртенді
Өрт электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан туындаған.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Өрт қаладағы Славский атындағы жағалау көшесінде шыққан.
"Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл аттанды. Олар келіп жеткенге дейін түтін басқан подъез ішінен 20 адам өз беттерімен сыртқа шығып үлгерген. ТЖД қызметкерлері арнайы маска көмегімен 5 тұрғынды жедел құтқарды", - делінген хабарламада.
Жалынның жалпы ауданы 27 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіруге 25 адам мен 8 техника жұмылдырылды.
Алдын ала болжам бойынша, өрт электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан туындаған.