Қазақстандықтар Республика күнінде қанша күн демалады?

2023 жылғы қазан айындағы демалыс белгілі болды.

Қазақстандықтар Республика күнінде қанша күн демалады?
Ашық дереккөз

Биыл қазақстандықтар Республика күнін 25 қазанда атап өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Мереке сәрсенбіге сәйкес келетіндіктен, жұмыс кестесін өзгерту жоспарланбайды.

Бес күндік жұмыс аптасында:

23, 24 қазан жұмыс күні, 25 қазан – демалыс, 26, 27 қазан – жұмыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасында:

23, 24 қазан жұмыс күндері, 25 қазан – демалыс, 26, 27, 28 қазан – жұмыс күндері.