Демалыс күні ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері Қазақстанда айтарлықтай салқындайды.

Демалыс күні ауа райы қандай болады?
Sputnik
1347

«Қазгидромет» РМК 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Болжам бойынша, республиканың синоптикалық жағдайына солтүстікатлантикалық циклон мен скандинавиялық антициклонның қалыптасуы әсер етеді.

«Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде 0-5 аяз болады, күндіз ауа температурасы 2-12 градусқа дейін жоғарылайды. Ал дүйсенбіде 3 аяз - 5 жылы болады деп күтілуде.

Ал республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.

Серіктес жаңалықтары