Павлодарда екі қызы бар әйелді зорлаған адам ұсталды

Бұл туралы зардап шеккен әйел Instagram желісінде жазды.

Павлодарда екі қызы бар әйелді зорлаған адам ұсталды
Фото: azh.kz
1286

Павлодарда екі қызы бар әйелді зорлаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы зардап шеккен әйел Instagram желісінде жазды.

«Мені зорлағаннан кейін ол аузымды басып, тұншықтырып, өлтіретінін айтты. Мені ешкім таба алмайтынын айтып қорқытты. Ол адам әліге бостандықта.  Мені ауруханаға ес-түссіз, ауыр жағдайда алып келді. Өзім үшін және кәмелет жасына толмаған екі қызымның өмірі үшін қорқамын»,  - деді әйел.

Аталған оқиғаға қатысты  Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр түсініктеме берді.

«Күш қолданумен зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптама  тағайындалды», - деді Василий Скляр.

Серіктес жаңалықтары