UFC файтері Асу Алмабаев: Шавкат екеуіміз кітап оқып жарысамыз (ВИДЕО)

"Шавкат екеуіміз екі бөлмеге кіріп аламыз да, кітап оқып жарысамыз"

UFC файтері Асу Алмабаев: Шавкат екеуіміз кітап оқып жарысамыз (ВИДЕО)
sports.kz

Әлемдегі ең беделді Ultimate Fighting Championship (UFC) лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаев Хабар арнасынан шығатын «Қызық Times» бағдарламасында атлетке күштен бұрын білім қажет екенін баса айтты. Асу жаттығу жиынында UFC-де өнер көрсететін тағы бір қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновпен кітап оқып жарысып, сосын бір-біріне түсінгенін айтып беретінін мәлімдеді.

«Тек физикалық жағынан емес, сөйлеу мәнері, өз-өзіңді көрсету жағынан, бір ортаға барғанда қысылмай, еркін сөйлеу үшін білім керек. Тарихты білу міндетіміз. Көбіне сыртта жүргендіктен телефоннан гөрі кітапты көп оқимын. Шавкат екеуіміз екі бөлмеге кіріп аламыз да, кітап оқып жарысамыз. Соңына дейін оқуға тырысамыз. Сосын бір-бірімізге айтып, басын ашқан соң қызық бола бастайды. Екі адам бір жаттығуда жүре бересің. Бір үйде, бір бөлмеде жатасың. Ортақ тақырып болсын деп әрқайсысымыз әртүрлі кітап оқимыз»,  – дейді спортшы.