Алматы облысында 16 жастағы қыз бірнеше жерден пышақ жарақатын алған

Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Алматы облысында 16 жастағы қыз бірнеше жерден пышақ жарақатын алған
ашық дереккөз
687

Желіде Алматы облысында 2007 жылы туған қыз үйінің жанынан бірнеше пышақ жарақатымен табылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті пікір білдірді.  

EGOV.PRESS Telegram арнасының жазуынша, зардап шеккен қыз жансақтау бөліміне жатқызылған. Зардап шегушінің туыстары қызға қан донорлары керек екенін айтты.

 Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы ресми парақшасында аталмыш факті бойынша ақпарат жариялады.

«Полиция кісі өлтіруге оқталғаны үшін күдіктіні анықтап, ұстады. Тәртіп сақшылары Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 23 жастағы тұрғынын анықтап, кәмелетке толмаған қызға пышақпен жарақат келтіргені үшін УҰИ-на қамаққа алды», - деді ол.

Облыстық ПД бастығы тергеуде істің жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанынын атап өтті.

Оның айтуынша, аталған факт Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

 

Серіктес жаңалықтары