961
Зайсан ауданында жылу қазандығы жарылып, бір адам көз жұмды
Бірқабатты қоғамдық моншада қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылған.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы қоғамдық моншада жылыту қазандығы жарылып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, оқиға 14 қазанда Зайсан қаласындағы Боқажанов көшесінде болған.
Бірқабатты қоғамдық моншада қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту қазандығы жарылды.
Соның салдарынан бір адам қаза болып, екі адам жарақат алды.
«Жедел жәрдем қызметкерлері 1984 және 1991 жылы туған ер адамдарды медициналық мекемеге жеткізді. Қазандық жарылған кезде монша ішінде келушілер болмаған. ТЖД қызметкерлері жартылай құлаған ғимаратты тазалауда», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта Зайсан қаласына облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев жолға шықты.