Ғасырларды саралаған тарихшы

Қазіргі заманда ұлт тари­хын егжей-тегжейіне дейін жіті білетін және терең түсіне алатын бір­туар ғалымдар ауыспай тұрғанда күн тәр­тібі­не қойып жоспарлы түрде кең көлемде ұйым­­­дастыра алсақ, келер буынға жөн сіл­теп, жол бастар нағыз тарихтың шынайы кел­­­­беті жасалса, игі еді.

Ғасырларды саралаған тарихшы
ашық дереккөз
3193

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері зор, тілек-мақсаты ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт.
Әл-Фараби

Халқымыздың өнегелі өмірі, тұрмыс-салты тек қана әлеуметтік-экономи­ка­лық әрекеті арқылы қалыптасып қоймай­ды, соны­мен бірге мәдени, рухани, тарихи, та­­ным-түсінігі де шыңдалып отырады. Ға­сыр­­лар қойнауына еніп кеткен сан тарау оқи­­ғалар, қым-қиғаш уа­қыт, зауалы, зар­­­дабы аз болмаған кезеңдердің бар­ша­сы­на бір қырынан емес жан-жақты талдау жа­­­сап, оқып зерделейтін шаң басқан архив­тер­ді ашып зерттеу жүргізетін ол – кәсіби тарих­­шылар екені бесенеден белгілі. Қазіргі заманда ұлт тари­хын егжей-тегжейіне дейін жіті білетін және терең түсіне алатын бір­туар ғалымдар ауыспай тұрғанда күн тәр­тібі­не қойып жоспарлы түрде кең көлемде ұйым­­­дастыра алсақ, келер буынға жөн сіл­теп, жол бастар нағыз тарихтың шынайы кел­­­­беті жасалса, игі еді.

Ұлт қайраткері Әлихан Бөкейхан кезінде: «Ұлтқа қызмет ету бі­лім­­нен емес, мінезден», – деді. Адам, адал аза­мат, тұғырлы тұлға болуға бала кез­ден қа­лыптасады. Балаға, әке мен ана­ның тә­лім-тәрбиесі, мектепте әліппеден бастап оқу­ға үйреткен ұлық­ты ұстаздардың бер­ген сапалы білімі шә­кірттердің көкірек-кө­зін ашып, өмір­де өз орындарын табу­ла­рына ықпал ете­ді. Адамзаттың абызы Абай Құ­нан­байұлы заманында: «Ғалым бол­май не­мене, балалықты қисаңыз» – де­ген өсиет қалдырды. Атасы Әбжан ақ­са­қал­­дан, әкесі Махмұт ағадан, анасы Ұм­сын­­дық ападан жақсы қасиеттерді сіңіріп өс­­кен, кешегі оқуға аса ынталы зерек ба­ла, бү­гін елімізге әйгілі ғалым, абы­ройлы ұстаз Ханкелді Махмұтұлы ағам жөнінде ғажап ой-пікір туғызып, се­беп­кер бол­ған (бес кітапты дайындау ба­­­ры­сын­да), басынан аяғына дейін оқып шыққан, «Та­балдырық», «Тағдыр», «Тұл­ға», «Тарту» жә­не «Тарихшы», – деп ата­латын бес кі­тап­­тан тұратын рухани құн­ды әрі ға­сыр­лар­ды қамтыған тарих­шы-ғалымның тір­нектеп бағалы уа­қыт­тарын бөліп елі­мізде, шетелдерде көз майын тауысып ар­­­­хивтерді ақтарып жаз­ған ғылыми туын­ды­лары мақала жазуы­ма әсері болғаны ақи­қат. Ұлт ұс­та­зы атанған абыройы ас­қақ азамат, эн­циклопедист-ғалымымыз Ах­мет Бай­тұрсынұлы: «Білімнің бас құра­лы – кі­тап», – дейді. Ал енді Ханкелді Мах­­мұт­­ұлы Әбжанов ағамыздың «Табал­ды­рық» деп аталатын бірінші кіта­бы­ның ал­ғашқы сөзі «Табалдырықтан биік тау жоқ», – деп басталады. Ғылымның даң­­­­ғыл жолына түсіп, өзіне керегін алып, елі­­не жаратып жүрген тарихшы-ғалым аға­­мыздың ғылыми жетекшісі болған, хал­­қымыздың сүйікті перзенті, тарих ғы­­лым­дарының докторы, профессор Ра­ма­зан Бимашұлы Сүлейменов шәкірт іні­­сі ғалым бауырына қатты жаны ашы­ған­­да «Мно­гострадальный Ханкельды», – деп үне­мі айтып отыратынын ағаның өзі­нен есті­дім әрі осы кітаптан оқыдым. Ақыл-ой­дың данышпаны хакім Абай Құ­нан­бай­ұлы: «Адамдарға керек әр кез жы­лылық, жы­лы­лықта жатыр үлкен сұлу­лық. Жылы-жы­­лы сөйлеу керек әр­кімге, соның өзі қа­ра­пайым ұлылық», – дейді. Ұстаз бен шә­кірт сабақтас­тығы осылай үйлесім тап­қан. 
Адамның кісілік қадір-қасиетінің үш өл­шемі бар деседі, олар: биіктік, кеңдік жә­­не терең­дік болса керек. Осындай өл­шем­ге ие кі­сі­лікті адамды текті жерде, құ­нарлы то­пырақта туған деп жатады. Сөз­сіз әр адам кіндік қаны тамған жерінің төл пер­зенті. Туған жердің ауасын жұтып, суын ішкен адам «туған жердей жер бол­­мас, туған елдей ел болмас», – дейді. Біз­­­дің ел туып-өскен жерді айрықша қас­­­терлеп, қадірлейтін, «өзге елде Сұл­тан болғанша, өз елінде ұлтан бол­ған­ды» дұрыс көретін ұлт. Ханкелді Мах­мұт­­ұлы көкемнің Қара­ғанды об­лысы, Жаңаарқа ауданында өмір­ге келген ар­ғы бабасы, Қазақ деген қа­бырғалы ұлт­тың, Алаш деген аталы жұрт­тың қа­мын ойлаған, қастерлі Түркі­стан қа­ла­сындағы «Ахмет Ясауи» кесене­сін­де мәң­гілік ұйықтап жатқан XVІІІ ға­сыр­дың аса маңызды оқиғаларында ше­шу­­ші қызмет атқарған ірі мемлекет қай­рат­кері іргеміздегі Ташкентті 20 жылдай (1728-1748жж) басқарған Нияз Бар­қы­ұлы де­ген әділ бидің, қаһарман батыр­дың ті­ке­лей ұрпағының осал болуы мүмкін емес. Сарыарқа, Сарыбелде халық атап кеткен Нияз батырдың құрметіне қойылған Нияз тауы деп аталатын жер бар. Бұл құрмет ақи­қаты. Біз «ұлылыққа жылылық кем­ші­лік­ке кеңшілік» жасаған жасампаз елміз ғой! «Талап таудан да асырар», – дейді дана халқымыз. Ханкелді ағамның тегінде бар да­рыны көлденең келген кедергілерді жеңіп, тіпті идеологиялық тосқауылдарды да бұзып өтіп жататыны ақыл-пара­са­ты­ның, білімінің тереңдігінде болар. Әйт­пе­се, ол қасиет қайдан болсын! Қиын-қыс­тау тар замандарда да, тоқырау уақыт­та­рын­­да да өз ісіне дұрыс таңдау жасаған ма­мандығына да адалдығын сақтап, бо­ла­шақ­тың іргесі болатын ғылымға бейім жас ғылыми тарихшыларға бағыт-бағдар жа­сай білетін нағыз тарихшы ғалым еке­нін атап айту парыз. Тағдырын адаспай тап­қан бақытты жанның өмірі, өнегесі шы­найы шығармашылығы, ғалымдығы әлі талай-талай білім, ғылымға тым құштар са­налы, сапалы текті ұрпақтың ой-сана­сын молайтып, шөлін қандыратын мөлдір бұлақ іспетті. Қазақтың айрықша ақын-аза­маты, қоғам қайраткері Ілияс Жан­сүгіров­тің: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» – деген өлең жолдарының астарында көп мағына бар. Жақсыны қанша үлгі етсеңіз де ешқашан көптік етпейді, себебі әлемдегі үш-ақ нәрсенің бірі – жақсылардың есімі. Елімізде 1928 жылы тұңғыш ашылған жоғары оқу орнының (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситеті) алғашқы директоры болған көр­некті ғалым Санжар Жағыпарұлы Асфен­диаров туралы өткір де өзекті зерттеу ғылыми еңбектері құрастырушы-автор ре­тінде төрт томдық кітап болып жарық­қа шықты. Ол оқырмандардың, әсіресе тарих­шы ғалымдардың ойынан шығып, ұлт руханиятына қосылған құнды қазына. Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу ке­рек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болу­ға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – деп айтқаны бар. Кез келген мемлекеттің өркениетті ел болуы­на, кемелденуіне алдымен ұлттық идеяның болуы аса маңызды. Тап осы тақырыпқа арналған монографиялық ең­бекті ұлт мақтаныштары Ақселеу Сей­дімбекпен, Қойшығара Салғарамен даяр­лағанының өзі көп нәрседен хабар бере­ді. Кезінде кітап Turkistan газеті бе­тінде оң бағасын алған еді. Төл мәдение­тіміздің жа­на­шыры, рух сардары атанған тұлға Өз­бекәлі Жәнібектің «Ұлттық даму мем­лекеттің қандай идеология ұстанатыны­мен байланысты немесе ұлттың ұлылығы ең алдымен оның тектестік тұтастық дең­­гейінен атадан қалған қанатты қазы­на­сы – тілінен, өнегесі өрісі болатын тұр­­мыс-салтынан, әдет-ғұрпынан ұрпақ­тан-ұрпаққа алмасып келе жатқан асыл мұрасы дәстүрлі өнеріне құштарлықтан көрінеді», – деп айтқан өзгеше ой-пікірі бар. Ханкелді ағамыздың шығарма­ларын­да шынайы батылдық, ауқымдылық пен жаңашылдықтан басқа көп кісіге біте бер­мейтін айрықша бір кемелдік, көреген­ділік менмұндалап тұрады. Тумысынан тұ­ла бойына дарыған бұл қастерлі қасиет ата­ларының қанымен берілгендей. 
Бақыт құсы кез келгеннің басына қо­на бермейді. «Бақ шаба ма, бап ша­ба ма» демекші Хан­кел­ді Махмұтұлы өзі­нің үзеңгілестерінен ас­қан ең­бек­қор­лы­ғымен, ізденгіштігімен ерекшеленетін болмысы бөлек бекзада аза­мат. Жер бетінен жоғалған ежелгі қа­зақ тари­хының ғасырлар қой­науы­на ен­ген құпия-сырлары қан­ша­ма екені айт­паса да белгілі емес пе? Осындай тарихи мұ­­­раларды нақты де­ректер бойынша дә­лел­деген әрбір ғы­лым саласында бар отан­дық тарих ғылы­мының ме­то­до­ло­гия­лық негізін салушы дәуір азаматы десек, ар­тық болмас. Бүгінгі тың тарихи-та­ным­­дық туындылары ғылыми сү­белі еңбектері ке­лешек ұрпақтың ой-санасын жаңғыр­та­ры кү­мәнсіз. Ұлт­тық ғылым академия­сы­на қарасты Ш.Уә­лиханов атындағы Та­рих және этно­ло­гия институтын бас­қар­ғанда, жоғары оқу орындарында ғы­лы­ми ортада жемісті жұ­мыс істеу дарын­ды шәкірт­тердің көкі­рек көзін ашуға сіңі­рген ерекше еңбектері қай кезде де қуа­нышты әрі абырой биігі. Ханкелді Мах­мұтұлы ағамыздың дарыны мен ізгі­лік­­ті ісі жетістігінің қайнар көзі оның адам­гершілік асыл қасиеттерін де бол­са ке­рек. Кейде бір адамдар болады ой­лай­ты­ны ізгілік, істейтіні жақсылық. Ал қа­зір­гі заманда мұндай ізгілік, сүйіс­пен­шілік, жа­нашырлық көп болса екен дей­сіз! Тұл­ғасыз ел жетім, шынында да со­лай деп айту­ға әбден болады деп ой­лай­мын. Ха­лық­тың табиғатын, жан дүниесін те­рең тану үшін ең алдымен оның тари­хын, тұл­­­­ғаларын танымақ шарт. «Тұлға» деп ата­­латын үшінші кітабында Абылай дәуі­рі, Абылай ханның заманы деп атап түс­теуі тегін емес. Абылай өмір сүрген ХVIII ға­сыр Қазақстан тарихында өзгеше өр­­кеш­теніп көрінетін қазақ халқының сіл­кі­ніп, оянып қанатын қомдап оң-со­лына жі­ті қарай бастаған тұсы. «Жауын сұсы­мен де, күшімен де сескендіре білген Абы­лай ың­ғайына қарай біресе Ресейге, біре­се Қы­тайға бағыныштымын деп уәде беруге мәж­бүр болғанымен, шын мәнінде еш­кім­ге де бойұсынбаған, тәуелсіз басшы бол­­ды», – деп атайды әрі өзінің тарихи де­­рек­­­­терін сөйлеткен белгілі ғалым Алек­сей Лев­шин. Біз үшін Абылай мәңгілік мақ­­та­ныш етер тұлғамыз. Ханкелді Мах­мұтұлы ға­лым ағамыз үшінші кітабында ірі тари­хи тұлғалардың айрықша жар­қыра­ған бол­мыс бітімін, зеректігін, ақыл-парасаты мен қалың елге деген қамқорлық жасаған істеріне терең зерттеу жүргізген ғылыми ең­бектерінің бәсі жоғары. Орта ға­сырлар­да­ғы ойшыл ғұлама ғалымдардан бастап тарихи тұлғаларға билік еткен пат­­­­ша­лар­ға қаһарман батырлар мен би-шешендерге ХХ ғасырдың басындағы Алаш ардақты­лары­на жазықсыз жаппай қуғын-сүргінге, қан­ды қырғын репрессия құрбандарына жал­пы интелигенцияны толыққанды қам­тып жазған ғылыми ең­бектері әлі ға­сыр ұрпақтарын тәрбие­лері хақ. Құдайға шү­кір, Тәуелсіз еңселі ел еке­німізді әлемге әйгілеп келеміз. «Тарту» – деп аты айтып тұр­ғандай, егемендікке тарту жа­саған бұл төр­тінші кітабында дер­бес­тігі­міз жөнінде жан-жақты тұшымды пі­кір­лер тарихқа негізделген ғылыми ең­бек­тер жазылған. Әри­не, бүгінгі таңда өт­кенімізбен қазіргі за­манның күрделі тү­зілісінен тұратын та­рих дәрісінің тари­хи тәжірибенің ғы­лы­ми мәні ғана емес өмірлік маңызы аса жоғары құбылыс еке­ні белгілі. Әз-Наурыз мемлекеттілік пен ізгілік мейрамы деп ата­латын ауқым­ды ғылыми еңбегінде те­рең сыр бар. Ұлт­тық құндылықтарды дә­ріп­тей алатын бар қырынан ғылыми зерт­теу жүргізіп талдау жасайтын ғалым­дар қатарының арасында шоқтығы биік қазақтың Отаншыл ғалы­мы. Ғылымның бір саласы тарихи методо­ло­гияның ғы­лы­ми ортада кеңінен дамуы­на ғалым­дық, аза­маттық үлесін қосып жүр­ген нағыз ғы­лымның жанкүйері. Ал «Та­рихшы» деп атал­ған бесінші кітабында ұлт­ты ұйыс­ты­ратын тарих таразысы мен са­раптамалар жа­салған жұмыстары, сұх­баттары кім-кім­ге де болса ой салып әсер қал­дырары анық. Біздің қазаққа киелі рух­ты Құдай бойы­мызға дарытқан дарын­ды елміз ғой! «Кө­кіректік – күйреудің басы, тәкәппар­лық – сүрінудің алды» де­ген сөз бекер емес. Тарих белестерінің та­лайынан өткен біз­дің қазақ бүгін де аса жауапты кезеңді ба­сынан кешіп отырған халық. Ханкелді Мах­мұтұлы ағамыздың негізгі принципі әді­леттілік пен тура­лық­тан таймайтын бі­лім мен ғылымды игер­ген, елінің мүд­де­сін қорғайтын өскелең ұрпақ тәрбиелеудің жолында көптеген жұмыс атқарып келе жат­қан кісілікті адам. Сұлу келбет көп адамда бар, сұлу жүрек әркімде бола бермейді. Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Әділетті Қазақстан – Адал Аза­мат» атты Түркістан қаласында өткен екін­ші құрылтайда «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуы­мыз керек», – деген сөзі халықтың сана­сы­на әсер еткені рас. Таң шапағынан ту­ған шыққа ұқсаған бес кітаптан тұратын Ұлт­тық ғылым академиясының академигі, та­рих ғылымдарының докторы, профес­сор Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов аға­мыз­дың тарихи-танымдық ғылыми туын­дылары шынайы шығармашылығы өмір­шеңдігін арттырмаса кемімейді. Қа­зақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, ойшыл драматург-жазу­шы Дулат Исабектің: «Жаманшы­лық­тың өлетін жері – ол жақсылардың кеу­десі», – дейді. Ханкелді Махмұтұлы көкем­мен тығыз қарым-қатынаста араласып жүріп байқағаным, кеңпейіл, кешірімді кісі екенін ұқтым. Үнемі айтатыны Құдай өзі бәрін реттеп отырады. Біз асыққанмен Жаратушы еш асықпайды. Шынында, со­лай ғой! Құдай момынның ақысын же­мей­ді деген сөз бар халық арасында. Адам­дықтың өлшемі – адалдық екенін әу бас­тан сезінген, түсінген жұртпыз. Бүгінде осын­дай өлшемге сай ғибратты ғұмырды, өне­гелі өмірді кешіп жатқан Әбжан ата әуле­тіне ҰҒА-ның академигі, тарих ғы­лым­дарының докторы, профессор Хан­келді Махмұтұлы ағамызға адал жар, асыл ана саяси ғылымдар докторы, профессор Гүлшат Нұрымбетова жеңгемізге өсіріп отырған ұл-қыздарының жақсылығын, тек қуаныштарын көріп шат-шадыман бо­лып жүре берсін деген ізгі ниет тілегімді ар­наймын. Алла Сіздерге ұзақ ғұмыр ке­шуді нәсіп етсін! Көп жасаңыздар! Отан­дық ғылымның даңғыл жолындағы нағыз ғалымдарымыз жасасын!       

Ғани Смаханұлы 

Нағыз азамат

Алматы қаласында жиі өтіп тұратын ғы­лыми басқосуларда, кітаптардың тұсаукесерінде, ру­хани іс-шараларда түсі игі осы жігітті жиі кө­ретінмін. Аты-жөнін білмесем де, бас изесіп аман­дасатын дәрежеге жеттік. 2022 жылдың кү­зінде «Алмалы» метро бекетінен шыққан сәт­те бетпе-бет кездесіп қалдық. Сол жолы үлкен кө­шенің бойында тұрып азын-аулақ әңгі­ме­ле­судің сәті түсті. Байқаймын, ой-өрісі кең, әң­гі­месі салиқалы, жарық көріп жатқан кітаптардан да хабары мол жан екен. Менің бір-екі жазға­ным­ды оқыпты. 
Жақынырақ таныстым. Есімі – Ғани, сойы – Смаханұлы екен. Біраз кітапты демеушілікпен шы­ғарғанын айтты. Келер жылы мерейтойым ба­рын, соған арналған кітабымды шығаруға сеп­тесуін өтіндім. Екі сөзге келместен бірден ке­лісімін берді. Осылайша, қас-қағым сәтте үл­кен шаруаның басы қайтарылды. Енді мен жан-жағыма қарай бастадым.
Біріншіден, Ғани жайлы тереңірек білгім кел­ді. Шынында да, демеушілік көрсеткен кітап­тар шоғыры мол болып шықты. «Өнегелі өмір» се­риясымен Қазақстанның Еңбек Ері, Мем­ле­кет­тік сыйлықтың лауреаттары, жазушы-дра­ма­тург Дулат Исабек пен өз саласының ғұлама ға­лымы, атақты академик Абдуали Баешовтың, қа­зақтың тұңғыш диссиденті, философ, ғалым Мах­мет Құлмағамбетке арналған еліміздің ал­ғашқы кәсіби антрополог-ғалымы, тарих ғы­лым­дарының докторы, профессор, академик Ора­зақ Смағұловтың кітабын, әйгілі актер Кау­кен Кенжетаев жайлы кітапты, тағы басқа шы­ғармаларды жариялауға қаржылай қолдау көр­сетіпті. Осылай шығарған кітаптарының та­ра­лым саны 2 млн данадан асып кетіпті. 
Екіншіден, өзімнің жазған-сызғандарымды ба­жайладым. Бес кітап көлемінде жариялауға бо­латын тәрізді. Ойымды Ғаниға жеткіздім. Көп­сінген жоқ, қайта адамды қанаттандыратын сөз­дерін айтты. Жұмыс басталып кетті. Қол­да­рыңыз­дағы бес кітап осындай тарихпен дүниеге келді.
Абайдан жеткен «Толық адам» ілімі бар. Шә­кә­рім қажы «Жақсы адам кім?» сұрағына жауап із­де­ген. Ғани Смаханұлымен араласа бастаған­нан әсіресе, халқымыздың біртуар тұлғасы Өз­­­бекәлі Жәнібеков шығармаларының көп том­дығын даярлап жатқанын білгеннен кейін на­ғыз азамат екеніне көзім жетті. Алла тіл-көз­ден сақтасын! Нағыз азаматтарымыз көп бола берсін!

Ханкелді Әбжанов, 
Ұлттық ғылым академиясының академигі, 
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор

 

Серіктес жаңалықтары