3012
Абай облысында зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдер ұсталды
Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған.
Абай облысының полицейлері зейнеткерді мазақ еткен жасөспірімдерді ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бетперде киген бірнеше жасөспірім есікті сындырып, қарт әйелді мазақ етіп, оның тыныштығын бұзған. Полиция қызметкерлері үш жасөспірім бұзақыны анықтады.
«Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ІІМ баспасөз қызметінен.
Жасөспірімдер мен олардың ата-аналары Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында тыңдалады, әрі қарай оларды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшеге есепке қояды.