«Қыздарды көсеумен күйдірген»: Алматы облысында егіз қыздарды қорлаған өгей әкеге қатысты жаңа дерек шықты

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, бұл отбасының балалары «тозақтағы» жайды бастан кешкен.

«Қыздарды көсеумен күйдірген»: Алматы облысында егіз қыздарды қорлаған өгей әкеге қатысты жаңа дерек шықты
Фото: pixabay.com/
1413

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы облысына ауруханада жатқан зорланған 3 жасар қыздарға, сондай-ақ сол отбасының басқа балалары тұрып жатқан Сәбилер үйі мен Балалар үйіне барғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, бұл отбасының балалары «тозақтағы» жайды бастан кешкен. Енді осы оқиғаға қатысты тексеріс басталды.

 «Бұл – cол отбасындағы 7 жасар қызға қатысты бұрын жасалған масқара қылмыс үшін жазасыздықтың, маскүнемдіктің және деградацияның нәтижесі. Кеше полиция департаментімен, ауданның КТІИ, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен отбасында бұған дейін орын алған оқиғалар тізбегін зерттедік. Екі жыл бұрын анасы мен өгей әкесі (егіздердің әжесі мен оның күйеуі) 7 жасар қыздарын көсеумен күйдіргені (жыныс мүшелерімен) анықталды. Бұл қыз бала оқыған интернатта анықталды. Бұл бойынша іс ҚК-тің 140-бабымен қозғалды (алайда бұл 110-бап «Азаптау» болу керек еді) және ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе көтерілді.

Бірақ, біріншіден, менің ойымша, іс дұрыс емес баппен қозғалды (110-баптың орнына 140-бап) және де баланың анасы өгей әкесімен бірге күйдіргенін мойындағанына қарамастан (бұл іс материалдарында бар), іс тек анасына қатысты қозғалды.

Екіншіден, сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамай, айыппұл ғана салды. Нәтижесінде бала үйден оқытуға ауыстырылды және бұл сұмдық жағдайда ол тағы екі жыл өмір сүрді. Қазір анықталғандай, қызды зорлаудың белгілерін жасыру үшін күйдірген болу керек.

Екі жыл бұрын кінәлі «Азаптау» бабы бойынша жазаланып, отырғызылса, үш баланы құтқарып қалуға болушы еді. Балалардың басынан не өткенін ойласаң, жан түршігеді.

Осыған байланысты тексеріс жүргізуді және осы бұзушылықтарға жауапты тұлғалардың бәрін жауапқа тарту қажет деп санаймын. Бұған қажетті шаралардың бәрін мемлекеттік органдармен бірге қабылдайтын боламыз», - деді Динара Зәкиева

 

Серіктес жаңалықтары