963
Рыбакина Қытайдағы турнирде ойнаудан бас тартты
Әйелдер теннис қауымдастығы Рыбакинаның жарыстан бас тартуының негізгі себебін атады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Чжэнчжоу (Қытайдағы) турнирден шығып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Елена Рыбакинаның жарыстан бас тартуына негізгі себебі ретінде белінің ауруын атаған.
Қазақстандық теннисшімен қоса, US Open 2023 чемпионы Коко Гауфф (иық) және "Ролан Гаррос 2023" финалисі Каролина Мухова да (оң білегі) жарыстан бас тартты.