1034
«1,5 миллионға iPhone сатып алу дұрыс емес» – Тимур Сүлейменов
Тапқан табысты үнемдеу қажет.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақшаны шашу емес, «басу» қажет екенін айтты, деп хабарлады Turkystan.kz.
Ол тапқан табысын үнемдегендер мен еселегендер ғана түбінде жетістікке жететінін жариялады.
«Ақшаны жұмсамай, жинау әдетін дамыту керек. Қазіргі қоғам тұтынуға, жұмсауға әуес. Меніңше, 1,5 миллионға iPhone сатып алу дұрыс емес», – деді банк басшысы.
Т. Сүлейменовтің сөзінше, басы артық ақшаны балалардың және өзіңнің болашағың үшін депозитке салу керек.
«Бағалы қағаздар нарығын дамытуға қаржы құйған дұрыс. Балаларыңызға білім шотын ашыңыз. Зейнетақы қорындағы жинақты алуға асықпаңыз. Лайықты қарттық туралы ойлаңыз», – деді ол.