Қарағандыда 3 жасар бала эскалаторға қолын қысып алды

3 жасар баланың қолын босату үшін құтқарушылар арнайы құралды пайдаланды.

Қарағандыда 3 жасар бала эскалаторға қолын қысып алды
Видеодан алынған кадр

Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарының бірінде үш жасар бала эскалаторға қолын қысып алды. Көмекке құтқарушылар тобы шақырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ekaraganda.kz сайтының мәліметінше, ТЖ департаментінің құтқарушылары сағат 11:48-де шақырту алған.

«Оқиға Global City сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында болды. 3 жасар баланың қолын босату үшін құтқарушылар арнайы құралды пайдаланды. Бүлдіршін дәрігерлер бригадасына тапсырылды», - деді Қарағанды облысы ТЖД.