Қарағанды-Теміртау трассасында көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды-Теміртау трассасында көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)
скриншот
682

3 қазан күні Қарағандыдан Теміртауға баратын жолда көлік жанып кетті, деп жазды turkystan.kz ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД пультіне көлік жанғаны туралы хабарлама 3 қазан күні сағат 16:44-те түскен.

«Теміртау қаласында, «Алматы-Екатеринбург» автомобиль жолының 1046-шақырымында Mercedes-Benz маркалы көлігі толық жанып кетті. Өрт аумағы – 3 шаршы метр. Өрт ТЖД күштерімен сағат 17:05-те ауыздықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары