Қарасай ауданында оқушыларға жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берген

Тегін түскі асқа жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағамдар берген.

Қарасай ауданында оқушыларға жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берген
5region.kz
1191

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жандосов атындағы орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына түскі асқа жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт берген, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Пятый регион” басылымының мәлімдеуінше, әлеуметтік желіде балаларға тегін ыстық тамақтан бөлек, 2021 жылы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен "Растишка" йогурты берілді деген ақпарат пайда болды.

"Мен қатты шошып кеттім, бүгін балам мектепте жарамдылығы өткен йогурт жеген. Қалғанын үйге әкелді. Балаларға мерзімі өтіп кеткен тамақты қалай беруге болады, бала уланса, кім жауап береді", "Бұл өнімді кім сатып алды? Жарамсыз тамақ бергенше, мүлдем тамақтандырмаған дұрыс" деп жазды ашуланған ата-аналар.

Мектеп басшылығы өнім жеткізушіні өзгерту және келісімшартты бұзу туралы шешім қабылданғанын, іс сотқа жіберілетінін хабарлады. Жеткізушінің өзі көтерме базардан өнім алған кезде жарамдылығы өтіп кеткен өнімдерді байқамай қалғанын айтты.

Алматы облыстық қауіпсіздік департаменті орта мектеп асханасын тексеруге жұмыс тобын жібергенін атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша, азық-түлік сапасының мониторингі жасалды.

Тек йогурт емес, "Айналайын" ​​сүт өнімінің де жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.

Серіктес жаңалықтары