2016 жылы адам құқықтарын өрескел бұзу деректері 159 елде тіркелген

2016 жылы адам құқықтарын өрескел бұзу деректері 159 елде тіркелген

2016 жылы адам құқықтарын өрескел бұзу деректері 159 елде тіркелген
ашық дереккөзі
256
Amnesty International ұйымы адам құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы есебін жария етті, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Ұйым авторлары өткен жылы әлемде басқыншылық саясатының өріс алғанын атап көрсетіп отыр. Авторлардың сөзіне сүйенсек, адам құқықтарының бұзылуына былтырғы жылы жаһандық саясатта болған өзгерістер кесірін тигізген. Олар – Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы, Ұлыбританиядағы Brexit, Таяу Шығыстан келген мигранттар ахуалы. Жалпы халықаралық бірлестік өкілдері 2016 жылы адам құқықтарын өрескел бұзу деректері әлемнің 159 елінде тіркелгенін хабарлайды. Amnesty International – халықаралық үкіметтік емес құқық қорғаушы ұйым. Құрамында 2 миллионға жуық мүшесі бар. Олардың әрекеті адамның физикалық және психологиялық дербес құқығын қорғауға бағытталған. Amnesty International ұйымының бас хатшысы Салил Шетти: «2016 жылы бірқатар ел басшылары алауыздық тудыратын әрекеттерге барды. Оның кесірі ең алдымен аз ұлттар мен босқындарға тиіп отыр. Былтыр 36 мемлекет мигранттарды жағдайы тұрақты емес әрі қауіпті елдерге жер аударып жіберді. Біз жұртты әділетсіздікке қарсы тұруға шақырамыз. Кемсітушілік пен өшпенділікке жол жоқ!», – дейді.

Серіктес жаңалықтары