Жетісу облысында мектептен ноутбук ұрлаған тұрғын ұсталды

Ұрлық жасады деген күдіктіні полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камераcы арқылы анықтады

Жетісу облысында мектептен ноутбук ұрлаған тұрғын ұсталды
Фото: polisia.kz
1580

Жетісу облысында мектептен ноутбук ұрлаған күдікті құрықталды, деп хабарлады turkystan.kz

Талдықорған қалалық полициясында мектептен ноутбук ұрланғаны туралы арыз тіркелді. Бірнеше сағат ішінде тәртіп сақшылары ұрланған кеңсе техникасын тауып, оқушыларға қайтарып берді.

Ұрлық жасады деген күдіктіні полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бейнебақылау камераcы арқылы анықтады, деп жазды Polisia.kz.

«Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті құрылыс бригадасымен бірге мектептегі жеке кабинеттерді жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ноутбукті түнде шығарған. Қазір ноутбук заңды иелеріне, яғни оқушыларға қайтарылды», – дейді Талдықорған полициясы.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

 

Серіктес жаңалықтары