Дидар Хамза мансабын аяқтады

Спортшы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

Дидар Хамза мансабын аяқтады
Фото: baribar.kz

Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза мансабын аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Спортшы бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

«Ұлттық құрамада жүргеніме 11 жыл болыпты. Жасөспірім, жастар, бәрін қосқанда осы уақытқа дейін қолдан келгенше күресіп, мақсатыма жетпесем де, жүлделі орындардан көріндім. Осы уақытқа дейін қолдаған, жанкүйер болған адамдарға алғысым шексіз. Соңғы жарысымда сіздерді қуанта алмағаным үшін кешірім сұраймын! Осымен спорттық мансабымды аяқтаймын!» - деді Дидар Хамза.