Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева татуласты (ВИДЕО)

Бибісара instagram желісінің Сторис бөлімінде екеуі бірге отырған видеоны жүктеді.

Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева татуласты (ВИДЕО)
Фото: chess.com

Шахматтан Азия ойындарының жекелей сынында Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік өзара тең тарқасты, деп хабарлады turkystan.kz El.kz порталына сілтеме жасап.

Әзірше Бибісара Асаубаева 3 жеңіс, 1 тең нәтижемен 3-орында, Жансая Әбдімәлік 3 жеңіспен 5-орында тұр.

Ал ерлер бәсекесінде Ринат Жұмабаев Моңғолия шахматшысы Ган-Ердене Сугармен, Қазыбек Нөгербек Иран өкілі Сейедмохаммадамадамин Табатабаеймен тең түсті.

Айтпақшы, жарыс кезінде Бибісара Асаубаеваның Жансая Әбдімәлікпен татуласқанын көруге болады. Бибісара instagram желісінің Сторис бөлімінде екеуі бірге отырған видеоны жүктеді.