Ирак әскері әуежайды лаңкестерден босатпақ

Ирак әскері әуежайды лаңкестерден босатпақ

Ирак әскері әуежайды лаңкестерден босатпақ
ашық дереккөзі
172
Ирак әскері Мосул қаласындағы халықаралық әуежайды лаңкестерден азат етпек, – деп хабарлайды  24.kz арнасы. Арнаның хабарлауынша, аталмыш операция содырлар уысында ұстап отырған шаһардың батыс бөлігіне басып кіруге жол ашады. Оған қоса билік жасағы ел астанасы Бағдад пен Мосул қаласын жалғайтын жол бойындағы әскери базаны өз бақылауына алмақ. Жергілікті офицерлердің айтуынша, бүгінде жауынгерлер жаттығу кешендері бар базадан бір шақырым қашықтықта бұйрық күтіп тұр. «Алдымызда үш негізгі міндет бар. Біріншісі – жау қолындағы аудандарды азат ету. Екінші – сол аудандардағы тұрмысты қалпына келтіріп, полиция бөлімшесі мен мектеп, аурухана сынды мемлекеттік нысандарды қайта ашу. Және азат етілген жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету», – деп атап өтті билік әскерінің басшысы Джафар Әл-Баттат. Үш жылға жуық қаскөйлердің қарамағында болған шаһарды азат ету операциясына билік әскері 4 ай бұрын кіріскен. Қаңтар айында қаланың шығыс бөлігі азат етілді. Айтуларынша, енді батыс аудандарды азат ету оңайға түспейді. Өйткені көшелер тар. Ауыр техникамен басып кіру мүмкін емес. Айта кетейік, қаскөйлер қарауындағы бұл аудандарда шамамен 700 мыңға жуық адам тұрып жатыр.

Серіктес жаңалықтары