Әйел мен екі баласын өлтірген ер адамның қылмысты қалай жасағаны белгілі болды
Бірінші күні әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп, оған куә болған 8-сынып оқитын қызы мен 3-сынып оқитын ұлын да қоса өлтірген.
Әйел мен екі баласын өлтіріген азаматтың қылмысты не үшін, қалай жасағаны айтылды. Отбасыдағы әдеттегі жанжалдың соңы бұл жолы тек ұрыспен емес, үш адамның өлімімен аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Мадина Қамшыбаеваны ұлы мен қызын бірге өлтірген қылмыскер өз қылмысын екі күн қатарынан жасаған. Бірінші күні әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп, оған күә болған 8-сынып оқитын қызы мен 3-сынып оқитын ұлын да қоса өлтірген. Мәйітті, оқиғаны жасыру үшін бір күн сол үйде түнеген. Ертесіне болған істі жасыру мақсатында үйді өртеген.
Сұмдық жағдайда көз жұмған Мадинаның арманы көп еді дейді туыстары. Жалдап жүрген пәтерін сатып алып, үйіне жақсы жөндеу жұмысын жүргізуді қалап, сол үшін жұмыс істіп жүрген екен. Алғашында сауда да, кейін құрылыста жүріп ақша тапқан. Балалары да мектепте белсенді, өмірге құштар оқушылар қатарында болған. Ұлы пен қызы оқитын мектептің директоры Мадинаның белсенді аналар қатарында екенін айтты.
Өмірінің соңғы күндері әлеуметтік желіге мұңды жазбалар салған екен. Көршілері аптасына екі рет осы үйде у-шу болып, ұрысатынын да айтқан болатын.
Мадинаның туыстары ешкімді аямай өлтірген қылмыскерді түрмеде асырамай, өлім жазасына кесу керек дейді.