Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ол қола үшін жекпе-жекте польшалық Наталья Ивона Стшалкамен кездесіп, оны 4-1 есебімен жеңді.

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ашық дереккөз

Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова қола жүлде алды, дп хабарлады turkystan.kz

Ол қола үшін жекпе-жекте польшалық Наталья Ивона Стшалкамен кездесіп, оны 4-1 есебімен жеңді.

Отандасымыз 72 келі салмақта чемпионатты 1/8 айналымнан бастап, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Фанни Нагиды (Сербия), кейін ресейлік Ксения Буракованы жеңген болатын (7-1).

Ал  жартылай финалда моңғолиялық Дааванасан Енкх Амарға есе жіберді.

Айта кетейік, бұл – медаль Қазақстан үшін әлем чемпионатында Азамат Дәулетбековтің қола жүлдесі мен Ризабек Айтмұханның алтынынан кейінгі үшінші медаль.