Жетісу облысында жол апатынан 32 жастағы ер адам мерт болды

32 жастағы азамат көліктің рөлін басқара алмай қалған

Жетісу облысында жол апатынан 32 жастағы ер адам мерт болды
polisia.kz
799

Алматы – Өскемен тас жолында ШҚО азаматы жол апатынан ажал құшты, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы – Өскемен тас жолының 593-шақырымында адам өліміне әкелген тағы бір жол апаты болды.

Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы азаматы Volkswagen Polo автокөлігінің рөлін басқара алмай, оның аударылып кету салдарынан мерт болды.

«Құрметті автокөлік жүргізушілері, жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар. Сіз өзіңіздің ғана емес басқа да жолаушылардың өміріне жауаптысыз», – деді Жетісу облысы полицейлері.

Серіктес жаңалықтары