Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Апта ішінде билікте болған ауыс-түйістер.

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Ашық дереккөз
2016

Осы аптаның ішінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Аптаның басында Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына қайта тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды.

Сонымен қатар ҚР Үкіметінің қаулысымен бірнеше вице-министр тағайындалды. Атап айтқанда, Наталья Васильевна Жұмаділдаева - Оқу-ағарту бірінші вице-министрі, Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки - ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі, Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов - ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі және Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ осы аптада Хасар Хабылбеков Павлодар қаласының әкімі, Айдар Рысқұлов «Қазақстан темір жолы» директорлар кеңесінің төрағасы, Кемелбек Ойшыбаев «Хабар» агенттігі» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды.

Серіктес жаңалықтары