Күзде иммунитетті қалай сақтау керек?

Дәрігер тұмауға қарсы вакцина алуды еске салды.

Күзде иммунитетті қалай сақтау керек?
Ашық дереккөз
1533

ЖРВИ мен тұмау маусымы алдында дұрыс тамақтану мен ұйқы, дене шынықтыру иммунитетті жақсартуға көмектеседі. Бұл туралы Алматы қаласы N36 қалалық емхананың дәрігері Әйгерім Исағалиева айтты, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Гормондардың ырғағын сақтау үшін сағат 23.00-ге дейін жатып, таңғы 7 немесе 8-де оянған дұрыс. Күніне кем дегенде 7-10 мың қадам жүрген дұрыс және шынығу процедурасын шектен асырмау керек, мысалы, аяғыңызды суық сумен жуу кезінде. Талшық пен дәруменге бай жеміс пен көкөністі көбірек жеңіз. Күнделікті тамақтан кофе мен алкогольді алып тастаған дұрыс. Алкогольді және кофеинді сусындар иммундық жүйені әлсіретіп, жүрекке қосымша салмақ түсіреді», - дейді дәрігер.

Ол стрестен аулақ болуға кеңес берді, себебі стресс иммундық жүйеге кері әсер етуі мүмкін. Гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу, инфекцияның алдын алу үшін дезинфекциялық құралдарды қолдану қажет. Сонымен қатар дәрігер тұмауға қарсы вакцина алуды еске салды, себебі, ол аурудың алдын алуға және иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Вакцинаны тұрғылықты жеріңіз бойынша емханада тегін алуға болады.

Әйгерім Исағалиева сондай-ақ профилактикалық дәрі-дәрмектерді де қабылдауға болатынын айтты.

«Қолданар алдында суық мезгілге дейін иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумен мен минералды қабылдау керек екенін дәрігерден белгеніңіз жөн. Сондай-ақ әрине маусымға сәйкес киіну керек», - деп түйіндеді дәрігер.

Серіктес жаңалықтары