Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?

Қазанда Республика күні атап өтіледі.

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады?
Ашық дереккөз

Қазақстандықтардың қазан айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазанда Республика күні атап өтіледі. Бұл - мемлекеттік мереке. Биыл Республика күні (25 қазан) сәрсенбіге сәйкес келеді. Соған орай 5 және 6 күн жұмыс істейтіндер бір күн демалады. Демалыс күні басқа күнге ауыстырылмайды.

Бұл айда мерекені есепке алғанда, бес күн жұмыс істейтіндер үшін 10 демалыс күні, алты күн жұмыс істейтіндер үшін 6 демалыс күні болады.