Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль ұтып алды
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстандық оқушылар 8-14 қыркүйек аралығында Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль ұтып алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлемнің 24 елінен келген 96 қатысушы қатысқан бұл сайыста Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды.
Қызылорда қаласындағы С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мансұр Мамадахунов алтын медаль ұтып алса, Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Серікбай Сұңғат пен Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аменов Әлен күміс медаль алды. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Алдамжаров Әлішер қола жүлдегер атанды.