2018 жылы жәрдемақы мөлшері артпақ

2018 жылы жәрдемақы мөлшері артпақ

2018 жылы жәрдемақы мөлшері артпақ
ашық дереккөзі
444
Келер жылы жәрдемақы мен базалық зейнетақы көлемі 16 пайызға артады, – деп хабарлайды Астана арнасы. Жаңа әдістеме бойынша есептелетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы мен базалық зейнетақы мөлшері 16 пайызға көтеріледі. Астанада өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында мәлімдеме жасаған Тамара Дүйсенова осылай деді. Жалпы, осы мақсатта келесі жылдың екінші жартысында мемлекет бюджетінен 147 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Жиында біріңғай зейнетақы қорымен шарт жасаспай жұмыс істеп жатқан 1 миллионға жуық азамат бар екені белгілі болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Тамара Дүйсенова: «Жыл сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 600 миллиард теңге түседі. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Бұл ретте жалдамалы жұмысшалардың үлесі жоғары. Ендігі кезекте біз 10 наурызға дейін республика көлемінде жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып, тұрғындардың жұмыспен қамту жайын тағы да пысықтауымыз қажет», – деп атап өтті.

Серіктес жаңалықтары