380
Су астында қалуы мүмкін өңірлер аталды
Су астында қалуы мүмкін өңірлер аталды
Биыл Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысытарының елді мекендері тағы да қызыл судың астында қалуы мүмкін, – деп хабарлайды Астана арнасы.
айтты. Еліміздің ірі су қоймаларының барлығы бірдей еріген қар суын сыйдырып, өткізуге дайын емес. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, елде 27 гидротехникалық құрылыс апатты жағдайда тұр. Оларға жөндеу қажет. Сонымен қатар тағы 380 гидротехникалық құрылғылар апатты деп танылмаса да, олардың жағдайы көңіл көншітпейтінін айтты. Иесіз жатқан 40 шақты су қоймасы да бар.
«Биыл Қазгидрометтің болжамы бойынша, үлкен су Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күтіледі. 918 елді мекен және тас жолдар мен темір жолдардың 1500 учаскесі қауіпті аймаққа жатады деп танылды», – деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Үкімет отырысында жергілікті әкімдіктердің су қоймалары мен бөгеттерге қаржыны үнемдейтіні де назардан тыс қалмады. Тасқынның салдарын жоюға республикалық бюджеттен жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады. Мәселен, 2010-2016 жылы 17,9 миллиард теңге бөлінген аймақтардан, ал республика апаттың салдарын кетіруге 30 миллиард теңге жұмсаған.
Ал Үкімет басшысы облыс әкімдеріне жағдайды бақылауда ұстап, су тасқынына дайын болуға тапсырма берді.